Есірткі айналымына тартылатындардың көбі — жұмыс істемейтін жастар

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов есірткі қылмысымен қалай күресуге болатынын айтты. Бұл туралы министрліктің ведомстволық сайты хабарлады.

ІІМ басшысы синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде есірткі ахуалына айтарлықтай әсер еткенін мәлімдеді.

Қолжетімді әрі арзан екеніне байланысты олар (синтетикалық есірткі — ред.) есірткінің дәстүрлі түрлерін (героин, апиын, кокаин) белсенді түрде ығыстырып жатыр. Тәркіленген “синтетика” кейінгі 3 жылда 6 кг-дан 140 кг-ға дейін ұлғайды. Осы уақыт аралығында полиция 41 есірткі зертханасын жойды, оның 23-і биыл жойылды,

деді Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында.

Оның айтуынша, бұл саладағы жаз да қатаңдатылған. Былтырғы қазан айынан бастап “синтетика” есірткінің ауыр түріне теңестірілді және оларды сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бір грамнан (бұрын – 50 грамнан еді) басталады.

“Дәріханалық нашақорлық” қарқынды түрде өсіп жатыр. Ішкі істер министрлігі бастамасымен трамадол, тропикамид және азот оксиді сияқты препараттар күшті заттардың тізіміне енгізілген, бірақ олардың заңсыз айналымы үшін нақты жауапкершілік, өкінішке қарай, жоқ,

деді министр.

Марат Ахметжанов кеңес отырысына қатысып отырған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа осы препараттар айналымына бақылауды күшейтуді ұсынды. Бұл ұсынысты мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де қолдады.

Қазір ІІМ есірткі дайындауға арналған прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту бойынша жұмыс істеп жатыр.

Марат Ахметжанов Ресей ІІМ-мен бірлескен іс-шара туралы да айтып берді. Биыл көктемде “синтетиканы” өндіру мен жеткізуді жолға қойған трансшекаралық есірткі тобы қызметінің жолы кесілді. Министр ведомствоның алдын алу жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды.

Жыл сайын жастар мен жасөспірімдерді қамтитын есірткіге қарсы 2000-нан астам іс-шара өткізіледі (жыл сайын 100 мыңнан астам адам қатысады).

Дегенмен ІІМ басшысы “жұмыспен қамтылмаған жастар” есірткі айналымына көптеп тартылатынын айтады. Бұл — студенттер мен мектеп оқушылары. Нашақорлыққа қарсы күресте тек полиция мен денсаулық сақтау органдары қатысуы аздық етеді. Сондықтан мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың күш-жігерін бірлесіп жұмылдыру қажет екені айтылды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago