Экономика

Ет дегенде бет бар ма? Халық 100 миллиардқа сырттан тамақтанады

Ақша жоқ деп жылаймыз, мемлекет көмек көрсетпейді деп шағымданамыз, қарызға батып жатсақ та, тамақ ішуге ақша табамыз. Қазақстандықтар күзден бастап үйден тамақ ішуді азайтыпты.

Мейрамханаға барып, мәзірден тәбеті тартқан тағамды таңдап ішетіндер осылай мақтанып жүр. Тіпті өткен айда отандастарымыз 100 миллиард теңгесін қоғамдық тамақтану орындарына жұмсаған. Оттан қазанды түсірмеуші едік. Әйелдер үйде ас әзірлеуді қиынсынып бара ма, әлде отағасына еріп, бөрінің азығы жолда деп жүр ма? Астана телеарнасы арнайы сюжет шығарыпты.

Ет дегенде бет бар ма? Мейрамхана мәзірінде де керектінің бәрі бар. Ақысын төлеп, асқазанға сәлем жолдайсыз. Үйден емес түзден тамақтануға бейімделіп алдық.

Жан басына шаққанда отандастарымыз күніне 2100 теңге жұмсайды.

Қалтаны қағады. Көпшілік оны біледі. Біле тұра бас тартар емес. Түскі асқа түсіністікпен қарайсың. Жұмыста болады, әріптестерімен ауқаттанады. Кешкілік отбасымен үйде емес, сыртта тамақтанады. Ас әзірлеу, орнын жинау секілді артық жұмысқа бас қатырғысы келмейтіндер көбейгендей.

Мереке, демалыс күндерді былай қойғанда апта ішінде мейрамханалардан бос орын таппайсың. Жұрттың бәрі үйде отырмай ма деген ойда қаласың.

Қазақстандықтардың қыркүйек айында қоғамдық тамақтану орындарына 100 миллиард теңге қаржы жұмсады. Қомақты қаржы. Бірақ жан басына шаққанда 2 мың теңге шамасында. Сондықтан рестораторлар пайдаға кенеліп отырған жоқпыз дейді.

Бұл статистика рас болса, рестораторлар елдегі ең бай адам болуы керек. Бірақ, олай емес. Елдегі қымбатшылықты ұмытпаған жөн. Қазір адамдардың ойы бұрынғыдай емес. Мейрамханаға барып, 30-35 мың теңге төлегенше сол ақшаға үйіне азық-түлік сатып алуды құп көреді.

Гүлнар Катибаева, рестораторлар қауымдастығының басшысы

Тамақтану орындарына жұмсалған қаржының көбеюі бағаның қымбаттауына байланысты болуы мүмкін. Былтырдан бері мейрамханадағы ас-ауқат Жетісу облысында 44, Шымкентте 40, ал Елордада 38 пайызға өскен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

23 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

24 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

24 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

24 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago