Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті Си Цзиньпинді үшінші мерзімге бас хатшы етіп қайта сайлады. Партия 20-шы шақыруының бірінші пленумында 205 мүшеден тұратын саяси бюроның жаңа құрамын сайлады. Олардың қатарында этникалық қазақ Нұрлан Әбдімәжин бар.
Әбдімәжин ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай Халық саяси консультативтік кеңесі комитетінің төрағасы болып сайланды.
Этникалық қазақ туралы ашық дереккөздерден оның 1962 жылы Қорғас немесе ҚХР СУАР Қазақ автономиялық облысында дүниеге келгені белгілі. Жоғары педагогикалық білімі бар.
Нұрлан Әбдімәжин 1985 жылы Қытай Компартиясына кірген. ҚХР СУАР-ның сот органдарында, сондай-ақ Іле-Қазақ автономиялық облысының және Шыңжаң халық үкіметінің басқарушы партиялық, мемлекеттік лауазымдарында жұмыс тәжірибесі бар.
2008 жылдан бастап ҚХР СУАР ҚКП саяси бюросының ПК мүшесі болып табылады.
Айта кету керек, партияның басқарушы органы ОК-нің жаңа құрамы әр съездің соңында бес жылға сайланады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді ел көшбасшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Си Цзиньпин Астанаға келген. Қазақстан пандемия басталғаннан бері ҚХР Төрағасы барған алғашқы ел болды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…