Categories: Қоғам

Еуропа елдерінің бәрі ішкіш екен

Ең көп ішімдік ішетін әлемнің 10 елінің тоғызы Еуропалық одаққа кіреді. Бұл континенттің тұрғындары әлемнің басқа бөліктеріне қарағанда алкогольді көбірек тұтынады.

Еуропада жыл сайын 15 жастан асқан әрбір адам орташа есеппен 9,5 литр таза алкогольді тұтынады, бұл шамамен 190 литр сыра, 80 литр шарап немесе 24 литр спиртке тең, деп хабарлайды Euronews.

 Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2021 жылғы Еуропа халқының денсаулық жағдайы туралы баяндамасының деректері.

Жан басына шаққандағы алкогольді жалпы тұтыну 2000-2019 жылдар аралығында ДДҰ-ның Еуропалық аймағында 2,5 литрге (21%) төмендеді.

Бірақ Батыс Еуропаның адамдары әлі де ішімдікке әуес. Әлемдегі ең көп ішетін 10 елдің тоғызы (туристік тұтынуды ескере отырып) Еуропалық Одақта орналасқан.

2019 жылы ЕО ересек тұрғындарының 8,4%-ы (15 жастан асқан) күн сайын, 28,8%-ы апта сайын, 22,8%-ы ай сайын ішімдік ішкен, ал 26,2%-ы соңғы 12 айда алкогольдік ішімдіктер ішпегенін айтқан.

ЕО елдері арасында алькогольді әйелдерге қарағанда еркектер көбірек тұтынады.

2019 жылы жан басына шаққандағы алкогольді ең көп тұтынатын Еуропаның үздік 10 еліне Чехия (14,3 литр), Латвия (13,2), Молдова (12,9), Германия (12,8), Литва (12,8), Ирландия (12,7), Испания (12,7), Болгария (12,5), Люксембург кірді (12,4) және Румыния (12,3) кірді.

ДДҰ Еуропалық аймағында алкогольді ең аз тұтынатын он елдің қатарына Тәжікстан (0,9 литр), Әзірбайжан (1,0), Түркия (1,8), Өзбекстан (2,6), Түрікменстан (3,1), Израиль (4,4), Армения (4,7), Қазақстан (5,0), Албания (6,8) және Солтүстік Македония кіреді (6,4).

Айта кету керек, бұл тізімдегі елдердің көпшілігінде, Солтүстік Македония, Армения және Израильді қоспағанда, көпшілігі мұсылмандар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago