Categories: Саясат

Евгений Кочетов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Евгений Кочетов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды,

делінген хабарламада.

Евгений Кочетов 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары – «Цесна Корпорациясы» АҚ девелопментінде бөлімше басшысы.

Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.

2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2017-2018 жылдары – «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.

2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары – «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры болып жұмыс істеді.

Әр жылдары «Литер» қоғамдық-саяси газеті, «Капитал» іскерлік басылымы, «Власть» интернет-журналы, «Информбюро» ақпараттық-талдау порталында шолушы болып жұмыс істеді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

1 день ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

1 день ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

1 день ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

1 день ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

2 дня ago