Categories: Қоғам

Facebook, TikTok пен Instagram-ды қанша қазақстандық қолданады

Мәжілісте «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы отырыс барысында депутат Екатерина Смышляева заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған әріптесі Айдос Сарымға онлайн платформалар Қазақстанда міндетті түрде өкілдіктерін ашу керектігіне қатысты нормаға байланысты сұрақ қойды.

Заң жобасында онлайн платформалардың Қазақстан аумағында өкілдіктерін ашуын міндеттеу туралы норма көзделген. Бұл талап әділ әрі дұрыс екені сөзсіз. Дегенмен, платформалардың басым бөлігі шетелдіктер екенін түсінеміз. Яғни, олар шетелде құрылады. Соған орай бірнеше мысал келтірейін. Қазақстандық сегмент аталған әлеуметтік желілер үшін аса үлкен емес. TikTok-ты сайын миллиардтан астам пайдаланса, қазақстандық сегмент – 10 млн, Facebook-ті 2 миллиардқа жуық адам қолданса, Қазақстанда – 2 миллион, ал Instagram-ның 1,3 млрд белсенді қолданушысы бар, қазақстандық сегмент – 10 млн. Мұндай сегменттің өте төмен екендігін ескерсек, меншік иелері үшін Қазақстанда өкілдік ашу қаншалықты тартымды?,

деді Екатерина Смышляева.

Осы орайда Айдос Сарым өкілдік ашуда еш проблема болмайтындығын айтады.

Бүгінде уәкілетті органда барлық әлеуметтік желімен жақсы байланыс бар. Мұның үстіне осы уақытқа дейін TikTok компаниясы Қазақстанда ресми өкілдігін ашты. Сондықтан, меніңше, қорқытпаймыз. Сонымен қатар Қазақстан нарығы да тартымды. Халық саны біршама аз болғанымен бұл нормалар жұмыс істеп тұрған елдер де бар. Барлық әлеуметтік желі қаражат тауып жатыр әрі азаматтарға сөйлесуге, ақпарат бөлісуге мүмкіндік беріп отыр,

деді Айдос Сарым.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago