Қоғам

“Фазендадан қашып шықтым»: 5 жыл құлдықта болған әйелдің тағдыры

«Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі Гүлмира Әбіқай сұмдық жағдай туралы айтты.

Журналист желіде әлеуметтік мәселелер туралы блог жүргізеді, дейді bugin.kz. Ол Instagram парақшасы арқылы көптеген адамдарға көмек қолын созып жүр. Тіпті жылу жинап, мұқтаж жандарға қаржылай көмек те береді. Ол оқырманынан тосын хабарлама алған. Журналист бұл туралы:

Фотодағы әйелдің есімі Әйгерім. Өзі: “фазендадан құлдықтан қашып шықтым, 5 жыл жүрдім. Жетісу облысынанмын, 87-ші жылғымын. Әкем Қайрат, Аидана деген әпкем бар”,-деген. Таңғы сауыннан соң сағат 5-терде шыққаннан ертеңіне кешкі 5-те Алматы облысындағы саяжайдың шеткі үйіне келіп тоқтапты.
Айман есімді оқырманым бейтаныс әйелдің сөзіне әрі сеніп, әрі шошып “полиция шақырайын” деп еді, ол селк ете түсіпті. Ол: «су беріңізші!», — деген.
Үйден су әкеліп шыққанша, құлдықтағы әйел із-түзсіз жоғалған.
Үйде жалғыз өзім кішкентай балалармен отырған соң, кіргізіп тамақ беруге бір шетінен қорықтым деп ағынан жарылды оқырманым. Жөні-сөзі түзу, тек әбден қажыған, шалбары мен аяқ киімі әбден балшық екен.
Бәлкім, менің полиция шақырайын дегенімді естіп қайта апарып тастай ма деп шошыған сияқты деп қорытты сөзін Айман. Әйгерім аман-есен үйіне жетті ма екен деген ой мазалайды,

деп жазды.

Журналист Жетісу және Алматы облысының полиция департаменттерінен көмек сұраған.

Гүлмира Әбіқайдың парақшасындағы оқырмандары да еңбек құлдығының әліге дейін жойылмағаны туралы наразылық білдірген.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago