Фейк: Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылатыны туралы ақпарат тарады

Қазақстандық сауда сайттының бірінде Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылатыны туралы ақпарат жарияланды. Алайда бұл мәлімдеме жалған болып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Азамат Сәрсенбаев есімді Instagram желісі қолданушысы парақшасында Ақтаудағы Каспий теңізі жағалауындағы жер учаскесін сату туралы хабарландырудың скриншотын бөлісті.

Сатылады. Саудаласамыз. Вилла, бизнес орталық, жоғары санатты қонақ үй кешенін салғыңыз келе ме? Бізде теңіз жағасында орналасқан тамаша жер телімі бар. Кіруге, шығуға ынғайлы, барлық құжаттары бар. Кез келген уақытта қоңырау шалыңыз, көрсетуге дайынмын,

делінген сайтта жарияланған хабарландыруда.

Ақтау әкімдігі бұл жер учаскесі жеке меншік екенін, бірақ сайтта жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

4А шағынауданында (Карвон мейрамханасының жанында) орналасқан жер учаскесі 2007 жылы жеке тұлғаның атына ресімделген. 2020 жыл 5 шілдедегі сатып алу-сату шартына сәйкес жеке меншік құқығында. Ақтаудың бас жоспарына сәйкес аталған жер учаскесі спорт мекемесінің аумағы ретінде қарастырылған. Бұл аумаққа спорттық-сауықтыру орталығын салу көзделген. Осыған байланысты нысаналы мақсатты өзгерту мүмкін емес,

деп хабарлады әкімдік өкілі.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago