Categories: Галерея

Фоторепортаж. Бразилияның Пелемен қоштасуы

Бразилияның Сантос шағынауданында он мыңдаған бразилиялықтар аңызға айналған әйгілі футболшы Пелемен қоштасты.

Пеленің өзін осы қалада, «Сантос» стадионы көрінетін шағын жеке зиратқа жерлегенін қалаған. Футболшының соңғы тілегі орындалды.

Фото: EPA

Пелемен қоштасу рәсімі екі күн бойы «Сантос» стадионында өтті. Оған 150 мыңға жуық адам қатысты.

Фото: Reuters

Футболшыны ақтық сапарға шығарып салуға елдің жаңа президенті Лула да Силва да келді.

Пеле даңқы шыққан сәт те де, Англия патшайымымен кездесіп, марапаттарын алған уақытта да сұхбат бергендегідей немесе балаларымен сөйлескендегідей қарапайым болды,

— деді президент.

Лула да Сильва стадионға Бразилияның бірінші ханымы, әйелі Розанжела да Силвамен бірге келді. Кейін еске алу рәсімі өтті.

Фото: Reuters

Еске алу рәсімінен кейін Пеленің денесі салынған табыт Сантос көшелерімен тасымалданды. Марқұмның денесі отбасылық шағын қоштасу рәсіміне, зиратына жөнелтілді.

Фото: Reuters

Қоштасу рәсімі марқұмның қалауындағыдай қарапайым болды. Футболшымен қоштасқан азаматтар Пеленің 100-ге келген анасы тұратын көше бойымен жүріп өтті.

Фото: Reuters

Әйгілі футболшы Пеле 2022 жылғы 29 желтоқсанда 82 жасында қайтыс болды. Кейінгі жылдары ол қатерлі ісіктен ем қабылдап жүрген еді.

Пеленің отбасы «Сантос» клубынан құрамадағы 10-нөмірді мәңгілік Пелеге арнауды, оны енді басқа ешкімге бермеуді өтінді. Клуб өтінішті қарастыратынын айтты.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

7 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago