Categories: Саясат

Франция президентіне адам саусағы салынған хат жіберген

Франция президенті Эммануэль Макронның Париждегі ресми резиденциясы – Елисей сарайына адам саусағы салынған хат келген. Бұл туралы Valeurs Actuelles басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 9-10 шілдеде сарайдың хат-хабар қызметіне пошта арқылы хат келіп түскен. Оны ашқанда адамның кесілген саусағы шыққан. Оқиға 14 шілдеде дәстүрлі түрде тойланатын ұлттық мереке – Бастилияны басып алу күні қарсаңында болған.

Саусақ полицейлердің азық-түлік сақтайтын тоңазытқышына қойылды.

Басылымның атап өтуінше, тәртіп сақшылары кейін саусақ иесін тапқан. Бірақ оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Елисей сарайы бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago