Франция сапары: АЭС-ті кім салады?

«Қазақстанда АЭС салынуы керек» деген сұрақ аясында ызу-қызу талқы болып жатқанына да біраз жылдың жүзі болды. АЭС құрылысын қолдайтындар да, оған қарсы тарап та жетерлік. АЭС салу арқылы энергетика саласындағы дербестікке қол жеткіземіз дейтін топ өкілдері жылдам арада құрылысты бастау керек деген ойда. Ал «АЭС жарылып, экологиялық апат әкелуі ықтимал» дегендер бұл жобаға үзілді-кесілді қарсы, деп жазады Abai.kz.

АЭС әлемде көптеген елдерде бар және тиімді іске асып жатқан технология. Алайда АЭС-ті салуды кімге тапсыру қажет екені де маңызды. Мысалы, бұрын Чернобыль апатын жасаған және АЭС салу бойынша өзіне күмәнді репутация алған Ресейге ме, әлде, Франция, Канада, Италия, АҚШ немесе Жапония сынды елдерге ме?

«Жапонияда да АЭС жарылды» дейтіндер бар, алайда, ол жер сілкінісінен және цунами әсерінен болған еді, Чернобыльдағыдай түсініксіз және өздігінен емес. Сондықтан Жапонияны да бұл тұрғыдан сенімді АЭС салушы ел ретінде санауға болады дейді мамандар.

АЭС құрылысын Ресейге тапсыру керек дейтіндер де баршылық. Алғашқы АЭС КСРО-да 1948 жылы салынса да, қазір Ресей бейбіт атомды игеру жағынан артта қалды және жемқорлық пен парақорлықтан алға шығып, жаңа технологияны игеру бойынша Батыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен әлдеқайда төмен болғандықтан, ол жағынан да сенімді болмай отыр. Ресейге АЭС құрылысын тапсыру Мәскеуге саяси рычагты берумен бірдей болар еді. Себебі АЭС-те жұмыс жасайтын мамандардың басым бөлігі де ресейліктер болуы мүмкін.

«АЭС-ті қайда салады» деген мәселе тағы бар. Балқаш көлі жиі айтылуда. Жалпы АЭС-ті салу орны реакторына байланысты таңдалады. Көбіне су жағасына, реактор ысып кеткенде салқындату үшін салынады. Бірақ, Балқаш көлі қаншалықты тиімді? Көлдің су деңгейі де бір қалыпта тұратынына сенім аз, өйткені Қытай Балқашқа құятын трансшекаралық өзендерді жыл сайын бітеп, су деңгейін азайтып келеді. Сондықтан да АЭС салынатын болса, оның қайда салыну керектігі әлі де талқы болары анық.

Неге АЭС жайлы сөз қозғап отырмыз? Себебі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға барған сапарында АЭС-ке қатысты сөз қозғады. Францияның «Assystem» компаниясымен өзара әріптестік бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл құжат АЭС-ке қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді, сәйкесінше, АЭС құрылысын Франция атқаруы мүмкін.

Франция әлем бойынша АЭС салудан үлкен тәжірибеге ие мемлекет саналады. Оны АЭС блоктары бар елдердің тізіміне қарап та анықтау қиын емес. Әлемде блоктары көп елдер мыналар: Ұлыбритания -15, Үндістан — 22, Канада — 19, Қытай -48, Ресей — 39, Франция — 58, Оңтүстік Корея — 25, Жапония — 38, АҚШ — 98. Міне, осы көрсеткіштің өзі француздардың ресейліктерден әлдеқайда жоғары тәжірибе мен жаңа технологияға ие екендігін көрсетеді.

Ресейдің Түркияда салып жатқан АЭС-іне қатысты бірнеше мәрте дау шығып, құрылыс қарқыны баяулады. Бұл Ресейге деген АЭС саласындағы сенімді азайтты. Ал Украинаға басып кірген Ресей Запорожье АЭС-і арқылы бопсалауға көшкендіктен, әлем елдері Ресейдің ядролық бопсаға дейін баратынына көз жеткізді.

АЭС салу мәселесі әлі де талқыға салынары анық. Әлі сан елмен меморандум жасалуы да мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago