Categories: Оқиға

Францияда жоғары сынып оқушысы сабақ үстінде мұғалімді өлтірді

Францияның Сен-Жан-де-Люз қаласында жоғары сынып оқушысы испан тілі мұғалімін өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жергілікті БАҚ оқиғаның кеше таңертең сабақ үстінде болғанын жазды. Билік оқиға орнында полиция мен жергілікті прокуратура жұмыс істеп жатқанын растады. Оқушы тұтқындалды. Мектепке, жеке католик мекемесіне кіретін және шығатын есіктер жабылды. Соңғы деректер бойынша, шабуыл таңғы сағат 10-да испан тілі сабағында жасалған.

Le Figaro дереккөзі ақпаратына қарағанда, мұғалімін өлтірген 16 жастағы оқушының құлағына түнде испан тілі оқытушысын өлтіруді сұраған дауыс келген.

«Бұл оқушыларға қандай психологиялық жарақат әкелгенін елестетудің өзі қиын», — деді үкімет өкілі Оливье Веран Министрлер кеңесінің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында. Ол ұлттық ағарту, жастар және спорт министрі Пап Ндиайе оқиға орнына келетінін айтты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago