Categories: Оқиға

Билік адамды ақыл-естен, адамшылықтан айырады

Гүл дүкені алдында дәрет сындырған прокурордың ұлы деседі. Видеоны @egov.press Telegram-каналы жариялады. Онда сатушыға наразы болған ер адам үстел үстіндегі қайшыны қолына алып, шабуылдамақ болады.

Ал Түркістан облысының прокуратурасы видео кейіпкерінің прокуратура органдары мен ондағы қызметкерлерге ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқтығын айтып отыр.

Оқиға 8 тамыз күні Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде болған. Желіде белгісіз ер адамның гүл сататын дүкен сатушысына дөрекілік көрсетіп, балағат сөз айтқан видеосы пайда болды. Сондай-ақ бейнежазбадан оның дүкен алдында дәрет сындырып тұрған сәтін көруге болады, деп хабарлайды Отырар агенттігі.

Қалалық Полиция департаменті аталған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, ер кісі Шымкент қаласының тұрғыны екен. Ол Тұран аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Сот қаулысымен ер адам жазаға тартылған.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сатушы ер адамның үстінен арыз жазудан бас тартты. Осыған қарамастан тәртіп сақшылары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған материалдар құқық бұзушыға қатысты шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жолданды. Сот қаулысымен ер адам 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бұ қазақта оңбағандар мен жауыздар неге сонша көп?

деп Сәуле Әбілдаханқызының жазғаны дұрыс-ақ.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago