Categories: Оқиға

Гүл дүкеніндегі дау: экс-полицейдің жанында болған шенеунік жазаланды

Түркістан облысы Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Шымкент гүл дүкенінде болған атышулы оқиғадан кейін қатаң сөгіс алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкентте гүл сатушыны ұрған бұзақының қасындағы екінші адам Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Данияр Елқондыға «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды. 

Департаментінің ресми мәлімдемесінде Елқондының қоғамда резонанс тудырып, сынға ұшыраған әрекеті этикаға сай келмейтіні және құпталмайтыны айтылған.

Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес Д.Елқондыға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану мақсатында материалдар Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына жолданды. Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер азаматтармен сыпайы қарым-қатынас орнатып, дөрекілікке, ар-намысты қорлауға, әдепсіздікке жол бермеуі керек,

делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамыр айында болған, бірақ видео жақында ғана жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы болып шықты. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago