Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот Астанада қаралады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Ол бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу, адам ұрлау бойынша айыпталған.
Телеарнаның хабарлауынша, айыпталушылардың ішінде Гүлмира Сатыбалдының жүргізушісі мен көмекшісі де бар. Тергеу мәліметінше, олар екі кәсіпкерді бопсалап, бизнестегі үлестерін өз атына жаздырған. Жәбірленушінің бірі — продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзов. Тергеушілердің мәліметінше, екіншісі Айгүл Мекешоваға күш көрсетіп, миллиард теңге тұратын компаниясын 375 мың теңгеге сатып алған.
Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард теңгеден асып жығылады. Бірақ айыпталушы тараптың адвокаттары Алагөзов өз компаниясындағы үлесін экс-жұбайының атына өтіп кетпеу үшін қасақана өзге адамға рәсімдегенін алға тартып жатыр. Сондықтан істі Бас прокуратураның тергеуіне қайтарылғанын қалайды.
Сондай-ақ заң талаптарының өрескел бұзылғанын айтқан адвокаттар судьядан бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді және істі Астана қаласына жіберуді де сұрады. Судья айыпталушыны қамаудан босатқан жоқ. Бірақ қылмыстық іс бұдан былай елордада қаралатын болды.
«Сатыбалды Гүлмира 2020 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін Алагөзовке моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, Galanz Bottlers АҚ үлесінің 45,25 пайызын өз атына жаздыртқан. Сатыбалды Гүлмира, Батыршаев пен Өтебеков ұйымдасып, Мекешованы Алматы облысы Жандосов ауылына күшпен алып кеткен. Сосын оған қоқан-лоқы мен психологиялық қысым көрсетіп, алдын ала дайындалған құжаттарға қол қойдыртқан,
дейді прокурор Акморат Мұхтаров.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…