Қоғам

Газа секторынан Қазақстан азаматтары эвакуациялана бастады

Бүгін, 14 қарашада 122 азамат — қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Газа секторынан «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы эвакуацияланады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шекара өткелдері бас басқармасының Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Газа секторының шекара өткелдері мен шекаралар бас басқармасы Facebook-тегі ресми парақшасында сейсенбі, 14 қарашада «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы эвакуацияланатын азаматтардың тізімін жариялады.

Тізімдегі «Қазақстан» деген бағанда Қазақстан мен Палестина азаматтығын алған 122 адам бар, оның ішінде 62 кәмелетке толмаған баланың аты-жөні көрсетілген.

Ведомство тізімде көрсетілген азаматтар өткізу пунктінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00) сыртқы өткел залында болуы керектігін ескерткен.

Еске сала кетейік, кеше Сыртқы істер министрлігі Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау басталғанын хабарлаған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago