Оқиға

Газа секторындағы ауруханаға әуе шабуылы жасалды: 500-ге жуық адам қаза тапты

Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі Израиль армиясы Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан Әл-Ахли ауруханасына бомба тастағанын мәлімдеді. 

Палестина дереккөздерінің хабарлауынша, 500-ге жуық адам мерт болған. Израиль әскерилері мұны Палестинаның «Исламдық жиһад» тобы жасады дейді.

Желіде ауруханадағы жараланған адамдардың фотолары тарады. 

Әл-Ахли ауруханасы Иерусалим мен Таяу Шығыстағы епископтық шіркеудің қамқорлығында.

Британдық-палестиналық хирург, профессор Гассан Абу Сит әуе соққысы болған кезде ол ауруханада ота жасаған. Маман аурухананың бір бөлігі өртеніп кеткенін айтады.

Израиль қорғаныс армиясы Газадан ұшырылған зымырандардың радиолокациялық траекториясын бейнелейтін схеманы жариялады. Әл-Ахли ауруханасы схемаға сәйкес траекторияның астында орналасқан.

Израильдің премьер-министрінің кеңесшісі Марк Регев ракеталардың 33%-ы мақсатқа жетпейтінін және Газаға қонатынын мәлімдеді.

Түркия мен Ливанда Израиль мен АҚШ елшіліктерінің жанында мыңдаған ереуілдер өтті. Анкарада полиция наразылық білдірушілерді су атқыштармен, Бейрутта көзден жас ағызатын газбен таратты.

Тунисте наразылық білдірушілер Франция мен Ұлыбритания елшіліктеріне жиналып, «Францияға өлім!» және “Ұлыбританияға өлім!» деп айқайлады. Тунисте АҚШ елшілігі соғыс басталған кезде жабылды.

Сейсенбі күні Газа секторындағы Әл-Магази босқындар лагеріндегі мектепке де әуе шабуылы жасалған, бұл кем дегенде алты адамның өмірін қиды, ондаған адам жарақат алды.

«Осы БАПОР мектебін кем дегенде 4000 адам паналаған еді. Олардың басқа баратын жері болмады, қазір енді баратын жері жоқ», – деп хабарлайды ұйым.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago