Саясат

Газа секторындағы туннелдер суға толады: Израиль ХАМАС-ты жоюдың жаңа әрекеттерін бастады

Израиль биілігі ХАМАС-ты бітімгерлік шарттарын бұзып, Израиль территориясын бомбалады деп айыптады. Содан бері Израиль әскері Газаның оңтүсітігіне жетті. 

Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім бір аптаға ғана созылды. Израиль әуе күштері Газаның оңтүстігі мен солтүстігін бірнеше күннен бері атқылады. Хан-Юнис аймағында ұрыс өтіп, 1-күні 240 палестиналық қаза тапты.

Газа тұрғындарының жағдайы бұрынғыдан да қиындай түскен. Израиль тек әуеден емес, теңізден де шабуылды күшейтті.

Израиль құрлықтағы операциясын оңтүстікке қарай бағыттамақ. Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнистің бір бөлігінен әскерін кері шегіндіріп, оңтүстік-батысқа қарай Египетпен шекаралас аймаққа қарай баруды көздеп отыр. Себебі ХАМАС содырлары сол жаққа қашуы мүмкін деп есептейді. 

Билік дерегінше, Газада тағы адам 137 кепілде отыр. ЦАХАЛ ХАМАС-қа қарсы соғысты бастағаннан бері Израильдің 78 сарбазы қаза болған. 

Әскерилер тағы үш сарбаздың мерт болғанын хабарлады. Осылайша қазан айының аяғында Израильдің құрлық шабуылы басталғаннан бері қаза тапқандар саны 78-ге жетті,

деп жазады Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз хатшысы Джонатан Конрикус.

Сондай-ақ қарулы күштердің баспасөз хатшысы Даниэль Хагари журналистерге жауап берді. 

«Газа секторында Израиль сарбаздары құрлықтық операцияны кеңейтуді жалғастырады», – деді ол брифингте.

Израиль ХАМАС-тың жерасты туннельдерін теңіз суымен толтырырмақ. Газада жер астындағы жалпы ұзындығы 500 шақырымға жететін туннель желісі бар. Жалпы аумақта 800 туннель табылған. Суды Жерорта теңізінен тартпақ. АҚШ-тың мәліметіне сүйенсек, Израиль қорғаныс күштері өткен айда Газа қаласындағы Әл-Шати маңына бес үлкен су сорғысын орнатқан.

Иззеддин әл-Кассам бригадасының содырлары кейінгі 24 сағатта Израильдің 28 әскери техникасын жойды. Бұл мәлімдемені топ өкілі Әбу Убайда айтты.

Кейінгі 24 сағат ішінде аль-Кассам моджахедтері Газа секторындағы ұрыста 28 бірлік әскери техниканы толық немесе ішінара жойып үлгерді. Олар, сондай-ақ, үлкен калибрлі минометтермен дұшпандардың шоғырланған жерлеріне оқ жаудырып, сионистік құрылымның ішіндегі әртүрлі нысандарға зымыран жіберді,

делінген ақпаратта.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago