Трансвеститтер клубына барғаны үшін Қызылорда облысы Жосалы кентінде №250 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімдері шетелде клубқа барғаны үшін жұмыстан шығып қалған еді.
Ақерке Жұмабаева мен Фатима Сқақова жұмыстан неге шыққандарын әлі күнге дейін түсінбей келеді, деп жазады EL.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. .
Кешірім сұрадым, қателік жібергенімді айттым. Алайда директор мені барша ұжымның көзінше тілдеп, жылатып, «жүн-жүн жігіт іздеп бардыңдар» деді. Бұл кезде біз Ыстамбұлда демалыста жүрдік, саяхатымыздың соңғы күні болғандықтан, бұрын көрмеген жерді көргіміз келді,
деді Ақерке.
Олар бұл жердің гей клуб екенін білмегендіктерін айтады.
Педагогтар барған түнгі клубта желіде танымал Амилай есімді трансвестит де болған. Оның мобилографы Амилайды түсіріп жатқан кезде екі мұғалім де кадрға іліккен. Ал ата-аналар мен әріптестері сол трансвестит блогердің парақшасындағы видеоларынан бұл екеуін байқап қалса керек.
Директордың бұлай жұмыстан шығаруы заңсыз. Ол үшін бұйрықта себеп көрсетілуі тиіс. Ал мұнда бұйрық жоқ. Бірақ шетелде түнгі клубқа барудың оқушыларға зияны қандай?,
деді заңгер Сержан Пірәлиев.
Осы жағдайды сылтау етіп, полиция қызметкерлері екі құрбының мазасын алған.
Мектеп әкімшілігі өз еркімен шықты деген мәлімдеме жасады. Директор еңбек демалысына кеткендіктен, жауап бермеді. Алайда оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Еспенбетова педагогикалық этика бұзылғаны себеп болды дейді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…