Қоғам

«Гей клуб екенін білмедік». Әлгі мұғалімдер ағынан жарылды

Трансвеститтер клубына барғаны үшін Қызылорда облысы Жосалы кентінде №250 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімдері шетелде клубқа барғаны үшін жұмыстан шығып қалған еді.

Ақерке Жұмабаева мен Фатима Сқақова жұмыстан неге шыққандарын әлі күнге дейін  түсінбей келеді, деп жазады EL.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. .

Кешірім сұрадым, қателік жібергенімді айттым. Алайда директор мені барша ұжымның көзінше тілдеп, жылатып,  «жүн-жүн жігіт іздеп бардыңдар» деді. Бұл кезде біз Ыстамбұлда демалыста жүрдік, саяхатымыздың соңғы күні болғандықтан, бұрын көрмеген жерді көргіміз келді,

деді Ақерке.

Олар бұл жердің гей клуб екенін білмегендіктерін  айтады.

Педагогтар барған түнгі клубта желіде танымал Амилай есімді трансвестит де болған. Оның мобилографы Амилайды түсіріп жатқан кезде екі мұғалім де кадрға іліккен. Ал ата-аналар мен әріптестері сол трансвестит блогердің парақшасындағы видеоларынан бұл екеуін байқап қалса керек.

Директордың бұлай жұмыстан шығаруы заңсыз. Ол үшін бұйрықта себеп көрсетілуі тиіс. Ал мұнда бұйрық жоқ. Бірақ шетелде түнгі клубқа барудың оқушыларға зияны қандай?,

деді заңгер Сержан Пірәлиев.

Осы жағдайды сылтау етіп, полиция қызметкерлері екі құрбының мазасын алған.

Мектеп әкімшілігі өз еркімен шықты деген мәлімдеме жасады. Директор еңбек демалысына кеткендіктен, жауап бермеді. Алайда оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Еспенбетова педагогикалық этика бұзылғаны себеп болды дейді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…

11 минут ago

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

18 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

1 день ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 день ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago