Атақ және ақша

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.

Өгей шеше өз анаңдай бола алмайды» деп жатады көпшілік. Ол рас, ананың орнын ешкімде баса алмайды.Дәл солай ойлап, мен де апаны екі жылдай қабылдай алмағанымды білесіздер. Бірақ, әкемнің таңдаған екінші жары бізге жақсы дос, сырлас, қамқор, жанашыр, ең жақын адамға айналады деп ойламаппын. Анау-мынау келіншек бұл кісінің орнында бола алмас еді. «Апаңмен қарым-қатынастарың қалай?» деп сұрайтын жандарға осы видео қысқаша жауап болсын,

деп Ерке Ниязқұлова өгей анасымен бірге өткізген сәттерінен үзінді жариялады.

Желі қолданушылары блогердің жазбасына жылы лебіздерін білдірді.

«Фаризадай жақсы ана болу үшін үлкен жүрек керек. Біреудің ерке қызы боп жүріп, басқа біреудің қыздарының көңіліне қарау – үлкен ерлік»,

«Абай Бегей махаббатын бәріне бірдей бөліп бере алыпты, бәрекелді»,

«Сыйластықтарыңа сызат түспесін»,

«Тіл-көзден аман болыңыздар» деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, Абай Бегейдің алғашқы жары осыдан бірнеше жыл бұрын өмірден өткен. Әнші екі жылдан соң өзінен 16 жас кіші қызбен шаңырақ көтерді. Алайда әншінің бұл шешіміне үш қызы қарсы болып, үлкені Ерке Ниязқұлова әкесімен үш жылдай араласпай кетіп еді…

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago