Categories: Қоғам

Генетиктер қожалардың бойында арабтың қаны бар-жоғын анықтаған

Генетиктер зерттеу жүргізіп, қожалардың бойында арабтың қаны бар-жоғын анықтаған, деп хабарлайды exk.kz 

Еуразия бірінші арнасы генетик ғалым 80 қожадан сынама алғанда арабтарда кездесетін кодты таппаған деп көрсетті.

Қожалар басқа ру өкілдерімен қыз алыспаған. Оның бір себебі, шариғатқа сүйеніп, пәтуә айту үшін басқа ру өкілдерімен құда болмауы керек. Екінші себеп ретінде Пайғамбарымыз шыққан құрайыш тайпасының өкілдері ақсүйек саналғандықтан өзгемен туыспауға тырысқан. Мұны Бақсайыс қожа руынан тарайтын танымал әнші Жанар Айжанова да растап отыр.

Қыздары кәпірге кетсе, кәпірдің ұрпағын таратады деген бар. Сондықтан қожалар қыздарын басқаларға бермеген,

дейді Жанар Айжанова.

Адам генетикасы зертханасының басшысы Мақсат Жабағиннің айтуынша, бірнеше жыл бұрын қожанның тоғыз тармағынан тарайтын 80 адам генетикалық зерттеуге қатысқан.

Зертханада гаплатобын, яғни арғы тегін бірнеше ғасырға дейін анықтауға болады екен. Мәселен, араб болса G1, қазақ болса С2 сияқты гаплатобының коды көрсетілу керек.

Біздің Қазақстанда қожалар генетикалық тұрғыда бір-бірімен салыстырғанда әр түрлі. Сосын араб елдерінде жиі кездесетін G1 тобымен салыстырдық. Бірақ қожаларда ондай болмай шықты,

дейді Мақсат Жабағин.

Арна тілшісімен қорасан қожалардың бірі Ұлттық биотехнология орталығына барып, ДНК сынамасын жасатады. Ол өзінің арабқа қатысы бар-жоғын анықтағысы келеді. Алайда 81-ші болып сынама тапсырғанда да, онда гаплатобы табылған жоқ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago