19 шілдеге дейін білім грантын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті. Талапкерлердің басым бөлігі құжатын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (34 мың), Астана (16 мың) және Шымкент (5 мың), деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (11 мың) қалып отыр.
Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» — 9 мың.
Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» — 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Медицина», оны 4 мың талапкер таңдаған.
Естеріңізге сала кетсек, 20 шілде — грант конкурсына өтініш қабылдаудың соңғы күні.
Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асады.
Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…