Грузияға 60 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды

Қазақстандық 20 жастағы азамат Атырау-Кутаиси бағытындағы халықаралық рейспен ұшпақ болған.

Атыраудан Грузияға 60 мың доллар алып бара жатқан қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.

Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайында тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 3 қарашада Атырау- Кутаиси рейсімен ұшатын жолаушылардың қол жүктеріне тексеру жүргізді. Әуежайдағы «RAPISCAN» рентген телевизиялық аппараты арқылы кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының 20 жастағы азаматы Б.Ф-ның қол жүгінен 60 700 (алпыс мың жеті жүз) АҚШ доллары, 10 000 (он мың) Ресей рублі және 7 000 (жеті мың) теңге ақша анықталды,

делінген хабарламада.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 545- бабымен іс қозғалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago