Маңызды

Хайуандық пен жемқорлық етек жайған елде не болашақ бар?

Депутат әйелдің күйеуі 13 жасар қызды жүкті қылып, жоғары лауазымды таныстары барын айтып, қауіп төндірген.

Биыл мамыр айында 13 жасар қыздың анасы полицияға арызданған. Ол 55 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтқан.

Анасының айтуынша, ер адам оқушы қызға телефон сыйлап, онымен жыныстық қатынасқа түскен. Ақырында ол жүкті болып, қыз анасына шындықты айтып беруге бел буады. Бірақ ер адам, жоғары лауазымды таныстары барын айтып, қауіп төндірген.

Қызы қорқып, анасын ешкімге айтпауын өтінген. Оның байланысы мықты. Әйелі — депутат. Балабақшада меңгеруші болып жұмыс істейді, деп жылапты. Анасы қызының жүкті екенін жаңа жылдың қарсаңында ғана білген. Жүктілік мерзімі шамамен алты ай болған.

Бұл оқиға жатып оқитын мектеп-интернатының қабырғасында бір жыл бұрын болған. Жүктіліктің алты айлығында оқушыны білім ошағының қызметкерлері Жаңатастан, Қаратау қаласына алып кеткен. Мектеп әкімшілікі жағдайды жасыру үшін, қыздың анасына ескертпей оған түсік жасатқан.

Түсік жасату үшін жеке гинеколог жалдаған. Кейін омырауын шарфпен буып, үйіне әкеліп тастапты. Бұл жағдай еш жерде тіркелмеген.

Оқырмандардың бірі сол қалада тұрады екен. Айтуынша, іске қатыстылардың ешқайсысы оңып тұрған жоқ (қыздан басқасы). Қыздың анасын баяғыда-ақ ана құқығынан айыру керек еді.

Өмірдің ең соңғы сатысына түскен адам. Барлық жағынан алғанда.

Мектеп директоры — ауданға әйгілі жемқор.

дейді ол.

Осылардың ішінде балабақша меңгерушісі (депутат) — негізі жақсы адам. Басқарып отырған мекемесі — аудандағы ең үздіктерінің бірі. Оның сорын қайнатып отырған —жұбайы.

Қазір жасөспірімге азғындық жасады деген күдікпен депутаттың күйеуі қамауға алынды. Қылмысты жасырған білім саласының қызметкерлеріне қатысты да іс қозғалды.

Күдікті «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген. Бұл — мемлекеттік балабақша. Қазір полиция департаменті бұл айтылғандар тергеу арқылы дәлелденгенін жеткізді.

Педофилді өлім жазасына кесу керек. Қылмысты жасырған анасынан бастап, мектеп директорынан бастап, бүкіл ұжым жауапқа тартылуы тиіс!

деп жазыпты Сәуле Әбілдаханқызы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago