3,2 млн қазақстандықтың деректері интернет қылмыскерлерінің қолына түскен.
Танымал хакерлік форумда WhatsApp қолданушыларының 500 миллионға жуық телефон нөмірлерінен тұратын база сатылымға қойылған, олардың арасында кейбір қазақстандықтардың да нөмірі жүр.
Cybernews басылымының мәліметінше, хакердің қулығына 84 мемлекеттің тұрғындары ілінген, олардың 3,2 миллионға жуығы Қазақстан қолданушылары көрінеді. Аталған мессенджердің 2 миллиардтан астам қолданушысы бар десек, ұрланғаны оның төрттен бір бөлігін құрайды.
Сұранысқа сәйкес WhatsApp дерекқорын сатушысы басылым зерттеушілеріне үлгі тізім деректерімен бөліскен. Жалпы үлгіде 1097 британдық және 817 америкалық қолданушылардың нөмірлері көрсетілген.
Cybernews үлгіге енгізілген барлық нөмірлерді зерттеп, олардың барлығы мессенджер қолданушылары екенін растады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…
Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…
Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…
Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…
2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…