ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделген.
Ұлттық банктің мұндай шеші қабылдауына, геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары әсер еткен. Ішкі экономика тарапынан инфляциялық өзгерістердің барынша тарихи жоғары деңгейде болуы, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болмауы, импорттың жедел өсуі кезінде сауданың қайта құрылуы негіз болып отыр.
«Инфляция жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Қараша айында оның жылдық мәні 19,6% болып, барлық компонент бойынша өсті. Қараша айында айлық инфляция біршама баяулады, бірақ әлі де көп жылдық орташа деңгейден айтарлықтай асып, жоғары мәнде қалып отыр. Бұл ішкі сұраныс орнықты болған кездегі жоғары сыртқы инфляцияға және тұтынушылық тауарлар импортының логистикалық жолдарын жаңа сауда бағыттарына қайта бағдарлаудың жалғасуына байланысты. Осы ортада халықтың және кәсіпорындардың тарихи жоғары көрсеткіштерге жуық болып отырған инфляциялық күтулері мен тұтынушылық кредиттеудің өсуі – күшейтуші проинфляциялық факторлар. Тауар жеткізу тізбегі үзілген жағдайларда бекімеген инфляциялық күтулер қысқа мерзімді және де ұзақ мерзімді тауарларды тұтынуды ынталандырады», – делінген банк ақпаратында.
Осыған байланысты экономист, блогер Дәулет Төлеутайұлы пікір білдірді.
Сұмдық! Ұлтық банк базалық мөлшерлемені тағы да көтерді. Бүгіннен бастап 16,75%. Ал елдегі инфляция 19,6%-ды көрсетті. Айтарға сөз жоқ, сөз! Елдегі қымбатшылықтың тоқтайтын түрі жоқ. Бұл біздің экономикаға, халыққа үлкен соққы,
деп жазды ол.
Еске салсақ, қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…