Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандықтар табысының 49,4 пайызын азық-түлікке жұмсап отыр. Дәл осындай көрсеткішке Өзбекстан мен Ангола елдері ие.
Picodi.com сарапшылары 105 ел бойынша зерттеу жүргізіп, қандай елдің тұрғындары тамақтануға қанша қаржы жұмсайтынын есептеген. Жиналған деректер елге байланысты барлық тұтыну шығындарының бірнеше пайызынан жартысына дейін азық-түлікке жұмсалатынын көрсетеді.
Мысалы, үйде тұтынылатын тамақ пен алкогольсіз сусындар барлық шығындардың орта есеппен 1/10 бөлігін құрайтын елдерге мыналар жатады: АҚШ — 6,7%, Сингапур — 8,4%, Ұлыбритания — 8,7%, Ирландия — 9,2%, Швейцария — 9,9%.
Қазақстан бұл рейтингте 105 елдің арасында 99-шы орында тұр: азық-түлік пен алкогольсіз сусындар тұтыну тауарлары мен қызметтеріне жұмсалатын шығындардың 49,4%-ын құрайды. Оның нәтижесі Өзбекстан (46,5%) және Анголада (49,7%) сияқты болып отыр.
Қазір банктер халықты өзіне байлап алатын тәсілдер ойлап тапқан. Мысалы үлкен супермаркеттер желілері тіпті несиеге де беріп жатыр. Күн көрісіне әрең жеткізетін халық несиеге ішіп-жейтін халге жетті.
Kaspi Жұмада 1 миллионнан астам қазақстандық 2 миллионға жуық түрлі тауар сатып алған. Қазақстандық компаниялардың сатылым көлемі — рекордтық 302 миллиард теңге болды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…