Categories: Қоғам

Халық әр айдың соңында шағын несие алмаса аш қалады

Қазақстанда табысы күнкөрісінен артылмайтындардың саны азаймай отыр. Оған дәлел, ай соңында шағын несие алуға өтініш саны 10-15%-ға артып отырады. Бұл туралы Inbusiness.kz агенттігі хабарлайды.

Zaimer.kz қысқамерзімді онлайн несие қызметінің талдау орталығы сарапшыларының айтуынша, әр айдың соңында шағын несие алуға өтініштер саны орта есеппен 10-15%-ға артады.

Зерттеу нәтижесінде, соңғы екі жылда сұраныс ай соңында, 17-19 наурыз қарсаңында жоғарылаған.

Қараша мен желтоқсанда өтініштер саны 20%-ға артқан. Ал қаңтарда шағын несиеге сұраныс орташа деңгейден 5-10%-ға төмендеді.

Ақпан айында қысқамерзімді шағын несие алуға өтініштер саны 1,5%-ға өсті. Орташа сұралған сома – 93,5 мың теңгеден 98,3 мың теңгеге көтерілді.

Жыл басынан бері шағын несие алуға өтініш білдіргендердің арасында ер адамдардың үлесі – 60%, олардың интернеттегі белсенділігі одан да жоғары – 65%.

Бұған дейін банкроттыққа өтінім берудің тәртібі туралы жазған болатынбыз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago