Categories: Экономика

Халықта үй алуға мүмкіндік жоқ

Қазақстанда соңғы 5 жылда алғаш рет тұрғын үй бағасы төмендеді. Себебі сұраныс аз. Халықтың үй алуға жағдайы жоқ. Құрылысшылар да қарқынды бәсеңдеткен. Тұрғын үйге деген сұраныс азайып кетті. Өткен айдың өзінде Қазақстан бойынша 25 мың ғана пәтер сатылған. Нарықтағы ең төмен сауда-саттық Атырау, Жетісу, Маңғыстау облыстарымен, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тіркелген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Азаматтарымыздың қаражаттарын жинауға мүмкіншілігі жоқ. Табыстары аздау. Сондықтан ол азаматтарға мүмкіндік жасау керек. Өте төмен пайызда несиелер керек. Қазір бүкіл бағдарламалар қысқарды. Сондықтан тек қана екінші деңгейдегі банктердің бағдарламалары бар. Бірақ олардың пайыздары өте жоғары. 15-14, 16-17, 20 пайызға дейін көтеріледі,

деді Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Сұраныс азайғаннан кейін, 13 қалада пәтер бағасы да арзандады. Астана, Өскемен, Атырау және Алматы қалаларында пәтер құны 2 процентке дейін түсіпті. Халық үшін тиімді. Десек те, құрылыс компаниялары шығынға баттық деп отыр. Материалдардың қымбаттауы аздай, нарықтағы ахуал жығылғанға жұдырық болды дейді. Жұмысшылардың жалақасын төлей алмай қысқартып жатыр.

Базардағы құрылыс заттарының бағасы өзгермеген. Цементтің құны 1200-ден 3 мың теңгеге дейін барады екен. 1200 деп тұрғанымыз ол — өзіміздің отандық, Жамбыл, Өскемен, Семейден шығарылатын цементтер, ал сапасы орташа деген 2000-дық цемент Ресейден алынады. 3000 деп тұрғанымыздың қаптамасы отандық болғанмен іші де сол Ресейден келетін цемент болып шықты. Ал кірпіштің біреуі 800 тг тұрады. Жалпы 1 үйге керек материалдың құны сол үйдің шаршы метріне қарай есептеледі.

Үйдің бағасы түссе де, материал бағасы неге арзандаймайды? Айтатын уәж біреу. «Нарық еркін» дейді.

Қазір жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрдің бағасы 330 мың теңге, ал екінші нарықтағы үйлердің шаршы метрі 290 мың теңге. Нарықтағы бағаның қалай құбылатынын әлі уақыт көрсетеді.

Қазір жағдай тұрақсыз. Құрылыс саласын қолдайтын елде бағдарлама жоқ. Сұранысты тұрақты ұстап тұратын ыңғайлы талаптарымен ипотекалық бағдарлама да жоқ қазір. 7-20-25-тің өзі шектелген. Ол сұраныстың жартысын да қанағаттандырмайды. Коммерциялық бағдарламалардың болмауы қазіргі нарықтағы дағдарысты ушықтырып тұр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago