Фото: ашық дереккөзден
Елімізде тұрғын үйге мұқтаж жандарға айтарлықтай қолдау көрсетілмейді. Егер мемлекеттік субсидияның тиімділігі төмен болса, халыққа осындай қолдаудың қажеті бар ма?
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов тұрғын үй және құрылыс секторындағы проблеманы атап өтті, деп хабарлайды El.kz.
Қазіргі кезде тұрғын үй сатып алушылардың жалпы санының 80%-дан астамы ипотеканы пайдаланатын жандар.
Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың қысқаруы және зейнетақы жинағының «жеткіліктілік шегінің» артуы халықтың сатып алу қабілетінің және тиісінше бастапқы тұрғын үйге сұраныстың айтарлықтай төмендеуіне әкелді.
Тұрғын үйге мұқтаж адамдарға айтарлықтай қолдау әлі байқалған жоқ. Уәкілетті органдардың деректері бойынша 2023 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша орташа жалақы 365 мың теңгені құрады, сонымен бірге екінші кезектегі нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 500 мың теңгеге жуық болып белгіленді. Мұндай айырмашылықты бүгінде тіпті тұрақты жұмыс істейтін қарапайым азаматқа да толтыру өте қиын.
Сенатор Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы кезекте тұрғандарға жеке тұрғын үй қорындағы жалдау ақысын субсидиялау басталғанын еске салды.
Алайда сенатор бұл бағдарлама енгізілген кезде субсидиялау сомасына тұрғын үйді жалға алу бағасы бірден өскенін атап өтті. Мәкежанов мұндай құбылыс басқа салаларда да орын алғанына тоқталды.
Егер мемлекеттік субсидияның тиімділігі төмен болса, халыққа осындай қолдаудың қажеті бар ма?
Жалпы, соңғы бес жылда құрылыс материалдары құнының 50%-дан астам, ал жекелеген түрлері бойынша 2 және одан да көп есе тұрақты өсуі байқалып отыр.
Алайда бұл жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан осы мәселені шешуде тиімді шаралар қабылданбай келеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…