Categories: Экономика

Халықтың табысы бір жылда 17% өсті

Табыстың 76%-і еңбек қызметінен түскен табыс.

2022 жылдың үшінші тоқсанында халықтың табысы өткен жылмен салыстырғанда 16,5% көбейіп, 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Анықтама үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 11,5% өсіп, 210,7 мың теңге болған.

Өңірлер бойынша ең көп табыс елорда тұрғындарында: жан басына шаққанда орташа есеппен 339 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 15,7% артық.

Екінші орында Қарағанды облысы: 332,3 мың теңге, 21,4% өскен. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы аяқтады: 312,7 мың теңге, жылдық өсім — 31,8%.

Ең төменгі табыс Түркістан облысының тұрғындарында: жан басына шаққанда небәрі 156,4 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 15,6% көп, бірақ ҚР бойынша орташа деңгейден үштен бірден астамға аз.

Қазақстандықтар табысының басым бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен тапты: 180,4 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 21,9% артық. Оның 157,2 мың теңгесі — жалдамалы жұмыс істеуден, 23,2 мың теңгесі — өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер.

Әлеуметтік аударымдар бір жылда 3,3% ғана өсіп, 55,1 мың теңгені құрады. Оның 44,8 мың теңгесі зейнетақы, 9,1 мың теңгесі — жәрдемақы, 1 мың теңгесі — шәкіртақы, 239 теңгесі — АӘК және тұрғын үй көмегі болды.

Туыстары мен жақындарының материалдық көмегі, сондай-ақ алимент төлемдері 6,2% өсіп, 5,5 мың теңгені құрады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago