«Халық заңгері»: тегін құқықтық көмек қай қалаларда беріледі?

16 қыркүйекте «Халық заңгері» акциясы басталады. Бұл туралы Zakon.kz порталы хабарлады.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Қонаев, Ақтөбе, Тараз, Түркістан, Ақтау, Қостанай, Өскемен, Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Орал, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Көкшетау, Талдықорған, Семей сияқты еліміздің барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық әлеуметтік маңызы бар тегін науқан басталды.

Бұл жолы науқан 16 қыркүйек күні сағат 16.00-де басталады. Заңгерлер кеңес береді, ал мемлекеттік органдар азаматтарды қабылдайды. Азаматтарды қабылдау уақыты шектелмейді, соңғы адам келгенге дейін жалғасады,

дейді ұйымдастырушылар.

Науқан өтетін мекенжайларды мына жерден көруге болады.

Кез келген азамат «Халық заңгері» науқанына барып, өзін қызықтыратын барлық құқықтық мәселе мен дау бойынша үздік, кәсіби деңгейі жоғары заңгерлерден, соның ішінде тәжірибелі, беделді адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тегін, толық көлемде көмек пен кеңес ала алады. Кеңес берушілер қатарында тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін қызметкерлер, әділет, көші-қон полициясы, банк омбудсмені, сонымен қатар жауапты басшылық қызметтерді атқаратын ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өкілдері болады.

«Халық заңгері» науқаны 2016 жылы өткізіле бастады. Бұл идеяны еліміздің барлық заңгер қауымы қолдады. Акция қарапайым қазақстандықтардың көңілінен шығып, кейін сұраныс артқаны сонша, ұйымдастырушылар оны жыл сайын үлкен қалалар мен өңірлерде өткізуді ұйғарды.

Науқанды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, белгілі заңгерлер мен құқық қорғаушылар ұйымдастырады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago