Сот үкімі 15 қараша күні сағат 10.00-де оқылды.
Хаменова мен Рысқалиев Абай ескерткішін жасау бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген еді.
Бақытгүл Хаменова кеше соттағы соңғы сөзінде өзіне тағылған айыпты әлдекімдердің қолдан ұйымдастырған әрекеті деп мәлімдеме жасап, өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін соңына дейін баратынын мәлімдеген. Алайда сот шешімі басқаша бағыт алды.
Сот үкіміне сәйкес, Бақытгүл Хаменова 7 жылға, Ақылбек Рысқалиев те 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бақытгүл Хаменова жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейді. Хаменова сот залынан үйіне жіберіледі.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сондай-ақ сот Хаменованы «Құрмет» орденінен айырды.
Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы отырыста мемлекеттік айыптаушы Лаура Асанова Бақытгүл Хаменоваға мүлкін тәркілеп, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыптаушы тарап сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті жеті жыл, пара берді деп күдікке ілінген жеке компанияның басшысын төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот процесі 2022 жылдың 11 тамызында басталды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…