Categories: Маңызды

«Хаос орнауы мүмкін»: ғалым Қазақстанға төніп тұрған қауіптерді атады

Танымал алаштанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы «Qasqa jol» Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында «Қазақстанға төніп тұрған қауіп-қатер» туралы айтты.

Президенттің 7 жылға сайлануына біреулер күдік келтірді. Азаматтар қазір сезініп жатыр. Кеше биліктен айырылып қалған адамдар қиындықтарға апаруы мүмкін. Бұл елді хаосқа ұрындырар еді. Қасымызда бізге тырнақшаның ішінде «тілектес» ел бар. Әрқашан бізге «жер берген» болып, «мұраға көп нәрсе қалдырдық» деуден жалықпайды. Оны депутатына да, басқасына да ашық айтқызады. Жымысқы көршілер де аз емес. Қазақстанда сол елдердің мүддесі өте күрделі жағдайда тұр. Сондықтан Президент Тоқаевтың нартәуекелі бізге келешекке сенім арқалатады, үміт сылайды,

деді ғалым.

Сонымен бірге ол Қазақстанда Қаңтар оқиғасының қайталануы, Назарбаевтардың билікке оралуы қаупінен бөлек діни сын-қатер бар екенін айтады.

Біздің аумақта бірлігімізге, дәстүрлі дінімізге қауіп төндіретін діни топтар бар. Оның сыртында мемлекеттен биік ұғымдарды құрайтын қаржылық ұйымдар да тұр. Олардың да кез келген мемлекетті жойып жіберуге, билік орнатуға мүдделі жерлері болады. Содан да сақтануымыз керек. Қазақстандағы қаржылық топтар оның қасында ойыншық болып қалады,

деді Дихан Қамзабекұлы.

Профессордың пікірінше, қазір Қазақстанның өз даму жолы бар.

«Қазақстан біраз уақыт дел-сал күйде болды. 7-8 жыл бұрын өте қиын кезеңдерді өткеріп жатты. Биліктің айналасындағы отбасылық проблемалар болды. Біздің бағытымыз қай бағытта өрбиді деп қам жедік… Ал қазір бағыт айқын. Ол Еуропа да, Ресей де, Қытай да, Шығыс та емес. Ендігі кезекте мақтангершілік, өтірік есеп болмайды», — деді бұған қатысты ғалым.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago