Фото: видеодан алынған
Қарағандының ағыл-тегіл жұрт ағылған көшелерінің біріндегі аялдама жанында иесін күткен ит жатыр. Бұл жапон хикаятындағы әйгілі Хатиконы еске салады.
Қарағандыда көптен бері аялдама маңын торуылдап жүрген итке жұрттың назары ауды. Маңайдағы халық оны әбден танып алған. Шамасы иесін күтіп жүрген болуы мүмкін деп топшылайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.
Біреулер бірер ай десе, енді бірі иттің осы маңда жүргеніне бірер жыл болғанын айтады. Анығы, оның аялдамадағы әр автобусқа үмітпен қарайтыны. Иесінен үміт үзбеген итті тұрғындар тамақтандырып тұрады екен.
Иесі кетіп қалып, оралмаған шығар. Мен осы аялдама арқылы өткен кезде ылғи да осында жатады. Басқа иттер де бар, бірақ олар сабылып жүреді. Ал мынау осы жерден алыстамайды,
дейді қала тұрғыны Сабина Садрутдинова.
Әлеуметтік желілерде де қарағандылық Хатиконы асырап алуға ниет білдіргендер болған. Бірақ әзірге нақты іске көшкендер жоқ сыңайлы.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…