Дін қайраткері Шамиль Аляутдинов Астанада 4 желтоқсанда өтетін бизнес-форумға қатыспайтын болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео арқылы мәлімдеді.
«Құрметті қазақстандықтар, наразылық толқынын тудырмау үшін және ұйымдастырушылар мен спикерлерге проблемалар туғызбау үшін Астанаға (Қазақстанға) бармайтын болдым»,
деді ол.
Сондай-ақ ол «наразылық толқынын» тудырған адамдарға қарата тағы да мәлімдеме жасады.
«Құдай сендерге төреші. Қазіргі уақытта бірдеңе тексеріп жатуға… жоқ… Сондықтан газды басып… мақсат-мұраттарымызға жете береміз, ал хейтерлер біртіндеп өздері шіріп, өледі»,
деп қорытындылады ол.
Шамиль Аляутдиновтың Астанаға келуіне алғаш қарсылық танытқандардың бірі — астаналық сарапшылар клубының атқарушы хатшысы Асқар Жапаров болды. Ол Facebook парақшасына пост жариялап, Шамиль Аляутдинов желтоқсанда бизнес-форумда «Өзіңнің үздік нұсқаң» тақырыбымен сөз сөйлеуге келмек ниетте екенін жеткізген. Және ел болып, жұрт болып, оның елге келуіне қарсы тұруға шақырды. Себебі ресейлік ментор Украинадағы қырғынды қолдайды.
«Ол Украинадағы жаппай қырғынды қолдайды. Біз осындай үздік нұсқаға лайықпыз ба? Оның Қазақстанда бітіретін шаруасы жоқ. Ұйымдастырушылар Аляутдинов еліме келуге тұрарлықтай емес екенін білуі керек. Біз мұндай оңбағанның келуіне шыдай алмаймыз»,
деп жазды Асқар Жапаров.
Ал ресейлік әнші Полина Гагарина мен өзін пикап-шебермін деп таныстырып жүрген Алекс Леслидің Қазақстандағы іс-шараларының алдын алғаннан кейін қазақстандықтар коуч Шамиль Аляутдиновке көшті. Ол Украинадағы соғысты ашық қолдаған адамдардың бірі және соғысқа НАТО мен Зеленскийді айыптаған.
Өкінішке қарай, Батыс, НАТО, Зеленский мұның бәрі осылай қанды аяқталуына барын салды. Донецк пен Луганск 2014 жылдан бері Украинаның әскери қысымында болды. Сондықтан, бәрі сәтті аяқталуы үшін ол тез арада бейбіт уақыттың арнасына өтті. Бірақ сонымен бірге Батыс пен НАТО ығысуы үшін және өз мүдделерін ғана емес, сонымен бірге Ресейдің мүдделерін ескеруі үшін Бұл да өте маңызды. Әйтпесе тым есіріп кетті,
деп мәлімдеген Шамиль Аляутдинов видеоларының бірінде.
Әлеуметтік желі қолданушылары Аляутдиновтың парақшаларына шабуыл жасап, «Оккупант, фашист, біз сені күтпейміз» деген сарындағы жазбалар қалдырған.
Қазақстандықтардың наразылығын байқаған ол, бейнеролик түсіріп, тұрғындардан одан қорықпауға және оның атын пайдаланып, рейтинг жасамауға кеңес берді. Сондай-ақ, желі қолданушыларының айтуынша, ол парақшасында көптеген жағымсыз пікірлерді алып тастап, қолданушыларды блокқа тыққан.
Коучтың жауабы да көп күттірген жоқ, ол тіл тигізетін пікір жазғандарды бірден блокқа тығып, хейтерлерді «түрлі ұсақ-түйектер және оқушылар» деп атады.
Қазақстандық БАҚ пен түрлі ұсақ-түйектер менің атыммен ойнауға шешім қабылдапты. Мен туралы түрлі нәрселер айтып, фашист дейді. Жастар, мен интернетте 1999 жылдан бері жүрмін және осы уақыт ішінде талай қысымды бастан кешкенмін. Оқушылар, маған қарсы қаншама толқын болғанын білесіңдер ме? Сендер жалпы біраз ойланасыңдар ма? Сондықтан қорықпаңдар, мен сендерге тиіспеймін. Және менің атымды пайдаланып, рейтинг жинап алуды да қойыңдар,
деп мәлімдейді ол.
Алайда осы «ұсақ-түйектердің» қысымнан соңында бәрібір Астанаға сапарын болдырмауына тура келді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…