Руханият

Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы


Кеше Шам театры Иран конференциясы атты қойылымының тұсауын кесті. Кейіпкерлері «Екі күш күресіп жатыр: Алла мен Coca Cola» деп сөйлейтін конференцияда екі түрлі түсініктің қақтығысы туралы сөз болады.

Соңғы уақыттары мектепте хиджаб кию мәселесі қатты талқыға түскені белгілі. Танымал ақын Ринат Зайытовтың «Қазақстанда алаяқтықтың 80 пайызын жасап отырған қауым — намаз оқитындар» деген мәлімдемесі де қоғамда дау туғызды. Бір топ Ринат Зайытовты қолдаса, енді бір топ қарсы пікір айтқан.

Қойылымның дәл осы уақыттарда «діни дәстүршілдік» пен «гуманистік рационализм» түсініктерінің қақтығысын сахнаға алып шығуы сәйкестік пе? Қойылымды қазақ тіліне аударған жазушы Алишер Рахаттан сұрап көрдік, деп жазады Caravan.kz.

«Бұл көктемнен бері дайындалып жатқан қойылым. Жәй сәйкестік қана. «Мектепте хиджаб кию» тамыздан бері қатты талқыланып жатыр ғой. Ол кезде мен ойымды ашық айттым. Біз зайырлы мемлекетпіз. Мектеп оқушысына хиджаб кигізуге мен өте қарсымын.

Біз Англия емеспіз. Англияда рұқсат береді. Себебі, олар империя. Біз кішкентай ғана мемлекетпіз. Бізде хиджаб киюге рұқсат берілсе, ары кетсе Ауғанстан ғана шығады. Ауғанстаннан екі есе нашар мемлекет шығады. Адам 18-ге толсын. Одан әрі хиджаб кие ме, басқасын кие ме ол өзінің еркі. Және де мен мектепте қысқа кию, шаш бояу секілді дүниелерге де қарсымын. Мектепте бір форма болу керек. Сол тәртіпке бәрі бағыну керек», — дейді жазушы.

«Қойылымдағы Иран еліндей ахуал біздің елімізге де орнауы мүмкін деген қауіп бар ма?» деген сауалымызды қойған едік.

«Менің ойымша, бізде әсіредіншілдік өте қатты науқан алып кеткен. Оны дінді көп насихаттаудан байқауға болады. Телеарнада, жалпы кез келген әртіс насихаттап жатыр. Соның салдарынан оң мен солын ажырата алмайтын мектеп жасындағы балалар діни пропаганданың ықпалына түсіп қалып жатыр. Дей тұрғанымен де мемлекетке төніп тұрған тікелей қауіп жоқ қой деп ойлаймын. Қауіп төнген жағдайда Өзбекстандағыдай бізде хиджаб пен сақалға тиым салуы мүмкін.

Дін ұстанатын адам болсын, атеист болсын, ортақ бір компромисске келуіміз керекпіз. Соны режиссер де, автор да көздеген сияқты.

Кім діни сенімін ашық көрсетіп және соны сарттар сияқты сатады… Яғни намаз оқитынын айта отырып турларды, жайнамазды сатады. Бұл менің ойымша сарттық, саудагерлік. Құдайын сату деген меніңше осы. Біздің қоғам дәл қазір осымен ғана айналысып жатыр. Имамдар дінді насихаттай алады. Себебі, оларда теологиялық білім бар. Ж. Руми айтқан «Сенің Құдаймен қарым-қатынасың сенің әйеліңмен төсекте жатқаныңнан да құпия болуы керек» деген.», — деді.

Айта өтейік, Şam театры – спектакльдері қазақ тілінде қойылатын еліміздегі тәуелсіз шығармашылық ұжым. Театрдың негізін қалаушылары – өнер қайраткерлері Еркебұлан Дайыров пен Асан Мәжит.

Театрдың екінші маусымын ашқан бұл спектакль Самал Еслямова, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Зарина Кармен, Сағызбай Қарабалин, Ерлан Біләл, Дархан Сүлеуменов, Нұрғиса Қуанышбайұлы, Ақбота Рахат, Алмат Құрақ сынды актерлық құрамнан тұрды. Режиссеры Фархад Молдағали.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago