Categories: Дін

Хиджаб мәселесі: Түркияда әйелдердің орамал тағу құқығы Конституцияда бекітілмек

2023 жылға жоспарланған президенттік және парламенттік сайлау алдында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әйелдердің хиджаб мәселесін көлденеңнен қойды. Ол басқарушы Әділет және даму партиясына (ӘДП) Конституцияға мектептерде, университеттерде және мемлекеттік мекемелерде хиджаб тағу құқығы туралы түзетулер енгізуді тапсырды, деп хабарлайды BBC Turk. Қажет болса тіпті референдум өткізуге де дайын.

Конституцияға түзету енгізу туралы ұсынысымыз қабылданады деп үміттенеміз. Болмай жатса, біз референдум сияқты, басқа да қадамдар жасауға дайынбыз. Егер парламентте қажетті дауыс жинай алмасақ, соңғы сөз халықта болады,

деді Ердоған.

Бұл ретте Түркияның оппозициялық Халықтық-республикалық партиясы (ХРП) да 2023 жылғы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда хиджабқа тыйым салмауға уәде берді.

Хиджаб мәселесі ондаған жылдар бойы зайырлы Түркияның қызу талас тудыратын тақырыптарының бірі болып келеді. 2013 жылы Түркия демократияны нығайтуға бағытталған реформалар аясында әйелдердің мемлекеттік мекемелерде хиджаб киюіне тыйымды алып тастаған болатын.

Енді түрік парламенті жақын арада әйелдердің мемлекеттік қызметте, мектептер мен жоғары оқу орындарында хиджаб киюге құқығы бар-жоғын шешуі керек. Егер парламентшілер келісе алмаса, мәселе референдумға шығарылады. Ердоғанның айтуынша, оның партиясының арқасында түрік әйелдері орамал тағуға еркіндік алған.

Жалпы киім таңдау, атап айтқанда хиджаб тағу мәселесі — адамның дербес құқығы. Ол заңдармен немесе Конституциямен реттелмеуі керек. Бірақ бүгін ол күн тәртібінде тұрғандықтан, мен 5735 нөмірлі Конституцияға түзетуді қабылдауды ұсынамын, ол қоғамдық секторда жұмыс істейтін әйелдерге орамал тағу құқығын бекітеді,

деді Ердоған.

Түркияда 2013 жылға дейін мемлекеттік мекемелерде, мектептерде және университеттерде орамал тағуға шектеу болатын.

Радио Озоди басылымына сұхбат берген түрік журналисті және талдаушысы Амина Учоктың айтуынша, түрік әйелдері ондаған жылдар бойы мектептер мен университеттерде, сондай-ақ олар жұмыс істеген кез келген қоғамдық ұйымдарда орамал тағуға тыйым салатын заңдарға қарсы күрескен.

Олардың көпшілігі хиджаб тағатындықтан жұмысынан айырылды және әлі күнге дейін бұрынғы қызметіне орала алмай жүр,

дейді ол.

Хиджабқа еш қарсылығы жоғын оппозициялық Халықтық-республикалық партияның (ХРП) жетекшісі Кемал Кылычдароғлы да білдіріп отыр. 2023 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда ол әйелдерге хиджаб киюге еркіндік бермек. 3 қазанда ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, бір кездері кемалистер хиджабқа тыйым салып, тарихи қателік жасағанын мойындады.

«Кемалистердің» жетекшісі тыйымның астарында саяси мүдделер болғанын атап өтті және әйелдерге мұсылман киімін кию құқығына заңды түрде кепілдік беретін заң жобасын жариялады. Бұрын Кемал Кылычдароғлы орамал қазіргі демократияға қауіп төндіретінін және қоғамдық тәртіпке, әлеуметтік бейбітшілік пен бірлікке нұқсан келтіретінін айтқан.

Түрік талдаушысы Истар Гозайдин ХРП-ның бұл ұстанымы исламдық саяси бағытты қолдайтын, бірақ елдегі экономикалық дағдарыстан шаршаған Ердоғанның жақтастарын өзіне тартуы мүмкін дейді.

Алайда, басқа жергілікті сарапшылардың пікірінше, дәстүрлі ХРП электораты партия көшбасшысының сөзінде кемализмнің алты постулатының бірі болып табылатын секуляризмге (зайырлылық қағидаты) қарсылығын көрген.

Түркияның metropoll стратегиялық және әлеуметтік зерттеулер орталығының статистикасы көрсеткендей, ел халқының 83%-дан астамы әйелдің хиджаб киюге құқылы екенін қолдайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago