Дін

«Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, алғысын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Өз жазбасында айтыскер Президентке БҰҰ биік мінберінен қасиетті Құранды қорғап, сөз сөйлегені үшін алғыс білдірді. Айтуынша, Мемлекет басшысы көптеген мұсылман елдерінің президенттері айта алмай жүрген үлкен мәселені көтеріп, Исламды, Алланың сөзі Құранды қорғағаны үлкен құрметке лайық.

Біздің түбіміз — түркі, дініміз — ислам! Атамыз — алаш, керегеміз — ағаш! Кейінгі бір-екі жылда әлемде де, біздің өз елімізде де осы саф дінімізге толассыз шабуылдар жасалып жатыр! Оны біз шамалайтын сыртқы күштер өздерін «тәңіршілміз» дейтін адасушы топтың қолымен де, өздерін зайырлымыз деп санайтын діннен хабарсыз адамдардың аузымен де, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын мойындамайтын адасушы ағымдардың амалдары арқылы да жүзеге асырып жатыр. Ауызы арақтан құрғамайтын айуандар да, зинақор хайуандар да, нашақор азғындар да, бәлеқор журналистер де дін туралы дәлелсіз жала, дәйексіз пікірін емін-еркін айта беретін болды,  

деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол аруақ, орамал және домбыра мәселесіне қатысты тоқталды. Айтуынша, кейінгі айларда ғана аруақ мәселесінде, орамал мәселесінде де, домбыра жөнінде де, алаяқтық туралы да үлкен-үлкен дау-дамай туындап халық екіге жарылды. Осы тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаевтан арандатушыларға тоқтау болса деп сұрады.

Елді екіге жару, берекені кетіру, бүтінді бөлшектеу, күштіні әлсірету, ынтымақты ыдырату, тұнықты шайқау, мемлекетке іріткі салу — не Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті! Елдегі мұсылман жамағатын да, қарапайым халықты да төзімді болуға шақырамын. Мұсылмандықтың шарттарын сақтаған намазхандарға «Арабқұл» деген жаланы жабу тым негізсіз. Кеңестік кезеңнің 70-жылында тілі мен дінін ұмытып орыс болып кеткен дүмше-дүбәра қазақ миллиондап саналады, бірақ, 14-ғасырдан бері дін ұстаған себепті тілін ұмытып араб болып кеткен бір де бір қазақ жоқ! Біз — қазақпыз! Арабқұл да, орысқұл да емеспіз! Қазақтың даласында, қазақша тақиямызды басымыздан тастамай, қазақы шапанмен жүріп, саптама етік киіп, домбырада ойнап, айтысқа қатысып, белімізден шыққан барлық баламызды тек Ана тілінде сөйлетіп, осы елді қорғайтын сарбаз етіп тәрбиелейміз! 

деп жазды Имашев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago