Спорт

ИГИЛ* Чемпиондар лигасының ойындарында теракт жоспарлап отырғанын мәлімдеді

Қазақстанда тыйым салынған ИГИЛ террористік ұйымы Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалында теракт жасайтынын мәлімдеді, деп жазады 1bol.kz.

Лаңкестік ұйым өкілдері таратқан хабарламада бетперде киіп, қолына қару ұстаған ер адам бейнеленген және Чемпиондар лигасының ширек финал ойындары өтетін стадиондардың атауы жазылған. Олар: «Эмирейтс», «Парк де Пренс», «Метрополитано» және «Сантьяго Бернабеу».

Сондай-ақ, аталған постерде «Бәрін өлтіру керек» деген жазу бар.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының ширек финалында «Реал» – «Манчестер Сити», ПСЖ – «Берселона», «Арсенал» – «Бавария» және «Атлетико» – «Боруссия» командалары кездеседі.

Қазіргі таңда аталған стадиондар орналасқан аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ойындардың өту кестесіне ешқандай өзгеріс енгізілмеді.

*ИГИЛ – Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago