Categories: Оқиға

ІІМ 8,5 мың тоннадан астам есірткі тәркіледі

1 маусымнан бастап республика аумағында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол есірткіні өсіруге, дайындауға және өткізуге қарсы бағытталған.

Екі айда полицейлер 678 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 299 өткізу фактісі, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 126 фактісі, есірткіні тұтыну үшін притонды ұстаудың 2 фактісі. Заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 67 кг героин, 1 тонна 175 кг марихуана, 94 кг гашиш және 23,7 кг синтетика тәркіленді,

деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

25 қатысушыдан құралған үш ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды, олардың екеуі – шетел азаматтары. Олардан синтетикалық есірткі өндіруге арналған 72 тоннаға жуық түрлі прекурсор, зертханалық жабдықтар салынған 7 қорап, 40 кг марихуана және 4 кг гашиш тәркіленді.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында арнайы операция барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 183 фактісі анықталды. Қарасора плантацияларын анықтау үшін Ұлттық ұланның тікұшақтары мен Қорғаныс министрлігінің дрондары қолданылып жатыр. Олардың көмегімен 4 есірткі плантациясы анықталды. Онда қылмыскерлер құрамында тетрагидроканнабинолдың мөлшері жоғары марихуана жасайтын 8 мыңға жуық «үнді қарасорасының» бұталарын өсірген.

Елдің солтүстік өңірі де бақылаусыз қалмады. Павлодар облысының полицейлері 67 кг героин мен 10 кг гашиш контрабандасының жолын кесті. Есірткіні шетел азаматы қарбызға жасырып өтпек болған. 4 есірткі зертханасы анықталды, 11 күдікті ұсталды, 2 тонна прекурсор және 22 кг дайын мефедрон тәркіленді. «Қарасора» арнайы операциясы жалғасуда.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago