Categories: Оқиға

«Иіскеген адам бірнеше күннің ішінде өліп кетуі мүмкін». БҚО-да қауіпті әтірге қатысты ақпарат тарады

БҚО полицейлері «адам иіскесе өліп кетуі мүмкін» әтірлер туралы тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «МОЙ Город» сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы тұрғындары аудиохабарлама тарата бастаған. Аудиода әйел адам екі Украина азаматы компанияларды аралап, әтірдің кішірек нұсқасын ұсынып жүргенін айтады. Әйел адамның сөзінше, әтірді иіскеген адам бірнеше күннің ішінде өліп кетуі мүмкін. 

Аудио авторының өзі сондай әтір ұсынған адамдарды дүкеннен қуып жібергенін айтады.  

БҚО полиция департаменті өкілдері аудиохабарламаға қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түспеген. Аудиохабарламаға қатысты аудандарға учаскелік инспекторлар жіберілген, алайда ештеңе табылмаған. Ақпарат расталмады. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago