Categories: Руханият

Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы қайтадан Алматы шыңы деп аталады

Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы қайтадан Алматы шыңы деп аталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Биіктігі 4376 м болатын шыңның атауын өзгерту туралы ресми хабарланған жоқ. Алайда, 8-9 шілдеде өткен «Алматы-2023» халықаралық альпинизм бағдарламасында тау шыңының 2023 жылдан бастап қайтадан «Алматы шыңы» деп аталатыны айтылды.

«Мереке аясында Алматы қаласының аты аңызға айналған шыңы – Алматы шыңына (1930-1935 жылдары – Алматы шыңы, 1935-1997 жылдары – Комсомол шыңы, 1997-2023 жылдары – Нұрсұлтан) көтерілді», — делінген спорттық шараның бағдарламасында.

Еске сала кетейік, қазақ альпинистері бағындырған шыңның бұрын да атаулары көп болған. Олардың біріншісі «Кіші Алматы шыңы». 1997 жылдан бастап тауға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago