Илон Маск пен Цукерберг арасындағы жекпе жек Италияда тор ішінде өтеді

Әлемнің технология саласындағы көшбасшылары Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы жоспарланған жекпе-жек Италияда Ежелгі Рим стилінде өтуі мүмкін. Бұл туралы BBC хабарлады.

Италияның мәдениет министрі Илон Маскпен кездесуінде жекпе жекті қайырымдылық шарасы ретінде өткізуді ұсынған. Tesla және Meta бас директорлары маусым айынан бері бір бірін күшпен шешілетін бәсекеге шақырып келеді. Егер жекпе жек орын алса миллиондаған қаражат балалар ауруханасына беріледі деп күтілуде.

Дегенмен, Цукерберг мырзаның айтуынша, күрес күні әлі келісілмеген.

Ал Илон Маск мырза Twitter-дегі жазбасында Италияның премьер-министрімен де, мәдениет министрімен де сөйлескенін жазған.

Олар эпикалық орын туралы ұсынысыма келісті. Жекпе жекте заманауи ештеңе болмайды. Ежелгі Рим бейнесін айқындайтын күрес болғалы тұр,

деді Маск.

Италияның Мәдениет министрі Дженнаро Сангиулиано мәлімдемесінде «үлкен қайырымдылық» шарасы елдің мәдени мұрасын сақтауға көмектесетінін айтты.

Илон Маскпен ежелгі Рим тақырыбына қатысты ұзақ сөйлестік. Біз қоршаған ортаны құрметтейтін және қорғайтын, үлкен қайырымдылық пен тарихи іс-шараны қалай ұйымдастыруды ойластырып жатырмыз,

деді Сангиулиано мырза мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін Илон Маск Марк Цукербергке қарсы жекпе-жекке қызу дайындық жүргізіп жатқанын айтқан еді. Қос миллиардердің октагонда жұдырықтасу идеясы 20 маусымда туған.

Италия үкіметі айқасты Рим Колизейінде ұйымдастыру үшін Марк Цукербергпен байланысқа шыққан. Жекпе-жек 26 тамызда өтуі мүмкін.

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago