Categories: Дін

Имам мұсылман қауымын «салеметсіз бе» деп амандасудан арылуға шақырды

Желіде ұстаз Қабылбек Әліпбайұлының «сәлеметсіз бе» деп амандасудан арылу керек деген видеосы тарады. Бұл видео YouTube-арналардың бірінде пайда болды. 

Ғалымдар біздің сәлемдесуіміздің өзі, бауырлар, бұл нағыз мұсылманға жарасатын құлшылық деген. Яғни «әссәләму әлейкум» дедіңіз бе, құлшылық қылып жатсыз деп біліңіз. Бұл қазақтың жай ойлап тапқан үрдісі емес. Бұлай сәлемдесу — мұсылманның сәлемдесу әдебі. Демек, бәрін қойып, «әссәләму әлейкум» деп амандасу керек. Оны естіген адамдар «уә әләйкум әссәләм» деп жауап береу керек,

дейді ол.

Ұстаздың айтуынша, «сәлеметсіз бе!» деп амандасу — Кеңес дәуірінде пайда болған үрдіс.

«Шыны керек, бізде «сәлеметсіз бе» деген кірігіп кеткен. Еркегі де, әйелі де «сәлеметсіз бе» дейді. Бұл «сәлеметсіз бе» қайдан келді? Ол Кеңес дәуірінде осы «әссәләму әлейкумді» қысқартқан түрі ғой. Сол кезде олар мұны ашық айта алмады. Содан олар «сәлеметсіз бе» дегенді қазақтардың менталитеті деп ойлап қалды. Бірақ біз тәуелсіз мемлекет болдық. Біз дінімізді толық игеретін заманға жеттік. Енді «сәлеметсіз бе» дегенді қою керек, бауырлар. «Сәлеметсіз бе» сызылмауымыз керек. Кейбірі өзбектер солай сәлемдеседі ғой дейді. Бұл — өзбектің, арабтың, түріктің сәлемдесу үрдісі емес, бұл — мұсылманға тиіс дүние. Демек, өзбек бауырларымыздың осылай сәлемдесуі шариғаттан алынған. Қазақта ғ-ны қосып айтатын болған. Бұл мәселе емес. Үйдегілерге дұрыс сәлемдесуді үйретіп қояйық. Бұл — Алланың «Әссәләм» деген есімі», — дейді имам видеода. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

16 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

16 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

17 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago