Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Ресейдегі Қазақстанның экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық келісім туралы шарт ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды.

Тасмағамбетовты бас хатшы лауазымына қою туралы шешім Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан ҰҚШҰ саммитінде айтылды.

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі. 2020 жылы ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалған Беларусь өкілі Станислав Зась отставкаға кетті.

ҰҚШҰ бас хатшысы 3 жыл сайын ауысып тұрады. Ол ұйымның жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы саналады және ұйым хатшылығына басшылық жасайды. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Қатысушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік проблемаларын, сондай-ақ Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылады.

ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет кіреді – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысында дүниеге келген. 1991 жылдан — ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1993 жылдан — ҚР Президентінің көмекшісі. 1995 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1997 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан — ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан — ҚР Президентінің бірінші көмекшісі. 1999 жылдан — Атырау облысының әкімі. 2000 жылдан — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2002 жылдан — ҚР Премьер-Министрі. 2003 жылы — ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін — Алматы қаласының әкімі. 2008 жылғы сәуір айынан бастап — Астана қаласының әкімі. 2014 жылдың қазанынан ҚР Қорғаныс министрі болды. 2016-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2017 жылы Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ал 2019 жылы 18 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы зейнет жасына толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago