Фото: ашық дереккөзден
Табыс онсыз да төмен кезде алғашқы қажеттілік тауар бағасының өсуі алаңдатады.
DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жасау бюросы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауы, PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп азаматтар арасында «Қазақстанның қазіргі жағдайына баға беру және жыл қорытындысы» тақырыбында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды TengeLife.
DEMOSCOPE сауалнамасы қазақстандықтардың жартысынан көбі мен олардың отбасыларын материалдық мәселелер – табыс онсыз да төмен кезде (50,6%) алғашқы қажеттілік тауар бағасының өскені (52,2%) алаңдататынын анықтады.
Азаматтардың үрейін тудыратын басқа да маңызды аспектілер қатарында баспананың қолжетімсіздігі және қанағаттанарлық жағдайда емес екені (33,4%), сондай-ақ зейнетақы, жәрдемақы мен шәкіртақының төмендігі бар (31,3%).
Респонденттердің сатып алу қабілеті төмен екенін көрсететін жауаптар мемлекеттік басқару сапасының негізгі белгілерінің бірі – азаматтардың өмір сүру деңгейі туралы мәселемен байланысты екені белгілі.
Сауалнама нәтижесі бойынша, 2023 жылы қазақстандықтардың 40%-ке жуығы өмір сүру деңгейі нашарлады деп есептейді (39,5%), респонденттердің үштен бірі (33,4%) жағдай бұрынғыша десе, халықтың 19,4%-і өмір сүру сапасы жақсарды деп ойлайды.
Азаматтардың жартысына жуығы банктерге (51,4%), полицияға (50%), әкімдерге (48,2%) және дін қайраткерлеріне (47,4%) сенеді екен.
Сауалнама барысында респонденттерден елдегі қазіргі жағдайды бағалау сұралды. Жауап бергендердің жартысы елдегі жағдайды қолайсыз, яғни 29,3%-і тұрақсыз және 20,9%-і ауыр деп санайды. 45% респондент пікірінше, қазіргі жағдай жайлы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…