Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек?

Алматы полициясы интернет-алаяқтардан қорғану жолдарын айтты.

Кейінгі 5 жылда интернеттегі алаяқтар көбейген. Сонымен қатар, мұндай қылмыс түрлерін ашу 4,3 есеге жақсарды. Жылдың басынан бері Алматыда 1 560 интернет-алаяқтық тіркелді, былтырмен салыстырғанда 34,6%-ке аз.

Белсенді профилактикалық жұмыстар шешуші роль атқарды. Біз барлық жерде алаяқтық жасаудың әдістері мен тізбектері, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жалықпай айтамыз, тақырыптық видеороликтер таратамыз,

деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Қуатбек Науатов.

Алматы полициясы мыналарды қатаң түрде ұсынады:

  • банк картасы деректемелерін, жеке басын куәландыратын деректерді (жеке куәлік суреті, банк картасы суреті, картаның артқы жағындағы үш таңбалы CVV коды) ешкімге айтпаңыз, жібермеңіз.
  • Интернетте сатып алынған тауар үшін алдын ала төлемеңіз, тауарды сатып алмас бұрын интернет-дүкеннің беделін мұқият тексеріңіз.
  • OLX.KZ, Market.kz, Kolesa.kz, Krisha.kz мобильді қосымшалары арқылы тауарды, жылжымайтын мүлікті немесе автокөлікті сатқанда абай болыңыз, төлемді жеке кездескенде алған дұрыс немесе видеоқоңырау арқылы тұтынушының адалдығына көз жеткізіңіз.
  • тауарды, көлікті, пәтерді жалға беру туралы хабарландыруда ең әуелі алдын ала төлеу керек екені көрсетілсе немесе сатушымен тек WhatsApp арқылы байланыс болатыны көрсетілсе, абай болыңыз, Qiwi, Yandex деньги және т.б.электрон жүйелері арқылы ешқашан алдын ала төлем салмаңыз.
  • әртүрлі “мессенджер” және әлеуметтік желілер арқылы сізге жіберілетін күмәнді сілтемелерді баспаңыз. Өйткені бұл вирустық файлдар мен қосымшалар болуы мүмкін. Олар қаскөйлерге мобильді банкингтегі ақшаңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • әртүрлі сайтқа банк картаңыздың деректемелерін енгізбеңіз. Себебі бұл сіздің жеке ақпаратыңызды жинау үшін арнайы жасалған, кейінірек банк картаңыздан рұқсат етілмеген төлемдер үшін пайдаланылатын “фишингтік” сайттар болуы мүмкін.
  • интернетте ақшаңызды көбейтуге уәде беретін немесе үлкен ақшалай сыйлық ұтқаныңыз туралы хабарлайтын күмәнді конкурстарға қатыспаңыз.
  • криптовалюталарға, акцияларға, бағалы металдарға және т.б. инвестициялау арқылы үлкен дивидендтер уәде ететін күмәнді жобаларға инвестиция салмаңыз. Компанияның сенімді екеніне көз жеткізіңіз, интернетте шолулар мен пікірлерді оқыңыз, сізге әртүрлі елдің абонент нөмірлерінен қоңырау шалып, өз компаниясына инвестициялаудың артықшылықтары туралы сенімді түрде айтуы мүмкін (QuestraWorld, AssetWorldManagement және т.б.).
  • алаяқтық әрекеттер анықталса, дереу полицияға хабарласыңыз, барлық хат-хабарды сақтаңыз. Экраннан скриншот жасап алыңыз (кейбір мессенджерлерде қылмыскерлер диалогты толығымен жоя алады). Алдын ала төлем салу үшін банкоматты немесе терминалды пайдалансаңыз, түбіртектерді сақтаңыз.

Айта кетейік, бұған дейін алаяқтар адамды қандай сценаримен алдайтыны хабарланған еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago