Categories: Қоғам

Интернеттегі радикалды идеялар айтарлықтай қауіп төндіріп тұр – Бас прокуратура

Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмді насихаттаушыларға қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Елімізде соңғы жылдары прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм мен экстремизмнің алғышарттарын анықтау және жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны құру әрі жетілдіру бойынша елеулі жұмыс атқарылды.

Бүгінде интернетте радикалды идеялардың таралуы айтарлықтай қауіп төндіреді. Заңға қайшы контенті бар сайттарды тексеру үшін 2017 жылы «Киберқадағалау» жобасы іске қосылды. Нәтижесінде мемлекеттік органдар діни экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан аса веб-сілтемені бұғаттады.

Мысалы, 2022 жылдың соңында Бас прокуратура халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жалған уағызшының Youtube-тегі бейнеконтентінің (шамамен 3 мың жазылушы және 5 мың қаралым бар) веб-сілтемесін бұғаттады.

Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаменті Telegram арқылы қарулы жиһад материалдарын таратқан Б. атты азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабы («Терроризмді насихаттау») бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды,

деп жазылған хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago